Осы құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты https://assu.kz/ сайтының (бұдан әрі – Оператор) дербес және басқа да деректерін өңдеу мен пайдалану тәртібін реттейді. Осы Құпиялылық саясатының қолданыстағы редакциясы танысу үшін үнемі қолжетімді және Интернетте мына адрес бойынша орналастырылған: https://assu.kz/privacy-policy-kz.
Сайт арқылы Операторға дербес және басқа деректерді бере отырып, Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатында баяндалған шарттармен көрсетілген деректерді пайдалануға келісімін растайды. Егер Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспесе, ол Сайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті. Пайдаланушының Сайтты пайдалануды бастауы осы Құпиялылық саясаттың сөзсіз акцепті болып табылады.
1.ТЕРМИНДЕР
1.1. Сайт – Интернет желісінде https://assu.kz/ адресі бойынша орналастырылған сайт
Сайтқа және оның жеке элементтеріне (соның ішінде бағдарламалық жасақтама, дизайн) барлық айрықша құқықтар толық көлемде Операторға тиесілі. Пайдаланушыға айрықша құқықтарды беру осы Құпиялылық саясатының мәні болып табылмайды.
1.2. Пайдаланушы – Сайтты пайдаланатын адам.
1.3. Заңнама – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.
1.4. Дербес деректер – Пайдаланушы тіркелу кезінде немесе Сайттың функционалын пайдалану барысында өз бетінше беретін Пайдаланушының дербес деректері.
1.5. Деректер – Пайдаланушы туралы басқа деректер (Дербес деректер ұғымына кірмейтін).
1.6. Тіркелу – Пайдаланушының қажетті мәліметтерді көрсету және сканерленген құжаттарды жіберу арқылы Сайтта орналастырылған Тіркеу нысанын толтыруы.
1.7. Тіркеу нысаны – Сайтта орналастырылған нысан, оны Пайдаланушы Сайтты толық көлемде пайдалана алуы үшін толтыру керек.
1.8. Қызмет(тер) – келісім негізінде Оператор көрсететін қызметтер.
2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
2.1. Оператор Оператордың Қызметтерді көрсетуі және Пайдаланушымен өзара әрекеттесуі үшін қажетті Дербес деректерді ғана жинайды және сақтайды.
2.2. Дербес деректер келесі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:
2.2.1 Пайдаланушыға Қызметтерді көрсету;
2.2.2 Пайдаланушыны сәйкестендіру;
2.2.3 Пайдаланушымен өзара әрекеттесу;
2.2.4 Пайдаланушыға жарнамалық материалдарды, ақпаратты және сұрауларды жіберу;
2.2.5 статистикалық және басқа зерттеулер жүргізу;
2.3. Оператор сонымен қатар келесі деректерді өңдейді:
2.3.1 тегі, аты және әкесінің аты;
2.3.2 электрондық пошта адресі;
2.3.3 телефон нөмірі (соның ішінде ұялы телефон).
2.4. Пайдаланушыға Сайтта үшінші тұлғалардың дербес деректерін көрсетуге тыйым салынады (мұндай әрекеттерді жүзеге асыру үшін үшінші тұлғалардың құжаттық растауы бар осы тұлғалардың мүдделерін білдіру шарттарын қоспағанда).
3. ДЕРБЕС ЖӘНЕ БАСҚА ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ТӘРТІБІ
3.1. Оператор Дербес деректерді Қазақстан Республикасының «Дербес деректер туралы» Заңына және Оператордың ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
3.2. Пайдаланушының Дербес деректері мен басқа Деректері көпшілікке қолжетімді болатын жағдайларды қоспағанда, олардың құпиялылығы сақталады.
3.3. Оператор Дербес деректердің мұрағаттық көшірмесін сақтауға құқылы.
Оператор Дербес деректер мен Деректерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс серверлерде сақтауға құқылы.
3.4. Оператор Пайдаланушының Дербес деректері мен басқа Деректерін келесі тұлғаларға Пайдаланушының келісімінсіз беруге құқылы:
3.4.1 мемлекеттік органдарға, оның ішінде анықтау және тергеу органдарына, жергілікті мемлекеттік органдарға олардың дәлелді сұрауы бойынша;
3.4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген өзге жағдайларда.
3.5. Оператор Дербес деректерді және Деректерді осы Құпиялылық саясатының 3.4-т. көрсетілмеген үшінші тұлғаларға келесі жағдайларда беруге құқылы:
3.5.1 Пайдаланушы мұндай әрекеттерге келісімін білдірді;
3.5.2 беру Пайдаланушының Сайтты пайдалануы немесе Пайдаланушыға Қызметтерді көрсету шеңберінде қажет;
3.6. Оператор Дербес деректер мен Деректерді автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асырады.
4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
4.1. Оператор Заңнамаға сәйкес Дербес және басқа да деректердің тиісінше қорғалуын қамтамасыз етеді, Дербес деректерді қорғау үшін қажетті әрі жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
4.2. Қолданылатын қорғау шаралары сонымен қатар Дербес деректерді заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттер жасауынан қорғауға мүмкіндік береді.
5. ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР
5.1. Осы Құпиялылық саясатына және Пайдаланушы мен Оператор арасындағы Құпиялылық саясатты қолдануға байланысты туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылуы тиіс.
5.2. Осы Келісімнен туындайтын барлық ықтимал даулар Оператордың тіркелген жері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуі тиіс.
Сотқа жүгінер алдында Пайдаланушы міндетті сотқа дейінгі тәртіпті сақтауы және Операторға жазбаша түрде тиісті наразылық жіберуі керек. Наразылыққа жауап беру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
5.3. Егер қандай да бір себептермен Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Құпиялылық саясатының қалған ережелерінің шынайылығына немесе жарамдылығына әсер етпейді.
5.4. Оператор кез келген уақытта Пайдаланушымен алдын ала келісусіз Құпиялылық саясатын (толық немесе ішінара) біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Барлық өзгертулер Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
5.5. Пайдаланушы Құпиялылық саясатының ағымдағы редакциясымен танысу арқылы оның өзгерістерін өз бетінше бақылауға міндеттенеді.
5.6. Осы Құпиялылық саясатына қатысты кез келген ұсыныстарды немесе сұрақтарды assuspabanya@gmail.com электрондық поштасы арқылы немесе мына телефон арқылы жіберу керек: +7 777 050 00 14
«Алькор-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Алькор-7» ЖШС
Рахишев Әсет Алшынбайұлы (Рахишев Ә.А)
Алматы қ., Алмалы ауд., Мұқанов к-сі, 218-үй
БСН 190240025851
https://assu.kz/