https://assu.kz/ интернет-сайты (бұдан әрі – «Сайт») пайдаланушыларға (бұдан әрі – «Пайдаланушылар») барынша ыңғайлылыққа кепілдік беру үшін cookie файлдарын және ұқсас технологияларды пайдаланады, дербестендірілген ақпаратты береді, Сайттың маркетингі мен контенті саласындағы қалауларды есте сақтайды, сондай-ақ Пайдаланушыға қажетті ақпаратты алуға көмектеседі. Осы Сайтты пайдалану кезінде сіз осы файл түріне қатысты бұл хабарламаға сәйкес cookie файлдарын пайдалануға келісіміңізді растайсыз. Егер сіз осы файл түрін пайдалануымызға келіспесеңіз, онда сіз өзіңіздің браузеріңіздің баптауларын тиісінше орнатуыңыз керек немесе Сайтты пайдаланбауыңыз керек.
Төмендегі келісім Сайт әкімшілігіне Пайдаланушылар ұсынатын дербес ақпарат туралы Сайт ережелеріне қатысты.
1. Кіріспе
Бұл келісім Сайттың Пайдаланушыларынан алынатын ақпаратты пайдалануға қатысты. Бұл құжатта сонымен қатар «cookie» файлдары, Сайттың және үшінші тараптардың «cookie» файлдарын пайдалануы және мұндай файлдардан қалай бас тартуға болатыны туралы ақпарат бар.
2. Пайдаланушыларға арналған ақпарат
Сайттың кез келген бетін қарау кезінде сіздің компьютеріңізге беттің өзі, сондай-ақ «cookie» деп аталатын шағын мәтіндік файл жүктеледі. Көптеген сайттар мұндай файлдарды пайдаланады, өйткені «cookie» көп пайдалы нәрселерді жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, осы файлдардың арқасында сайт иелері белгілі бір компьютердің (және, бәлкім, Пайдаланушысының) осы сайтта бұдан бұрын болғанын анықтай алады. Бұл пайдаланушының компьютерін өткен кіруден қалған «cookie» файлы бар-жоғын тексеру арқылы сайтқа қайта кіру кезінде орын алады.
Біз «cookie» файлдары арқылы алатын ақпарат өз қызметтерімізді сізге ең ыңғайлы түрде беруге көмектеседі, сонымен қатар оқырмандарымыз туралы түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Мысалы: егер сіз Сайтқа кіру арқылы қандай да бір бөлімге кірген болсаңыз, келесі жолы біз бұл туралы «cookie»-ден біліп, Сайтқа келесі кірген кезде осы бөлімдегі мақалаларды бөліп көрсете аламыз.
3. «Cookie» туралы ақпарат
«Cookie» файлы – кішігірім деректер мөлшері, олардың арасында сайттың компьютері сіздің браузеріңізге жіберетін және сіздің компьютеріңіздегі қатқыл дискісінде сақталатын бірегей жасырын сәйкестендіргіш жиі болады. Егер сіздің браузеріңіздің баптаулары рұқсат етсе, әрбір сайт компьютеріңізге өзінің «cookie» файлдарын жібере алады. Сонымен бірге (деректеріңіздің құпиялылығын сақтау үшін) сіздің браузеріңіз сайттарға тек өзіңіздің «cookie» үшін қолжетімділік ашады, бірақ оларға басқа сайттар қалдырған «cookie» файлдарын пайдалануға мүмкіндік бермейді.
«Cookie» файлдары интернеттегі сіздің қалауларыңыз туралы ақпаратты сақтайды. Пайдаланушылар компьютерлерін барлық «cookie» файлдарын автоматты түрде қабылдайтын етіп немесе сайт өзінің «cookie» файлын пайдаланушының қатқыл дискісіне жазуға тырысқан сайын ескертетін етіп немесе ешқандай «cookie» файлдарын қабылдамайтын етіп баптай алады. Соңғы нұсқа пайдаланушыларға кейбір жеке қызметтер беріле алмайды, сондай-ақ мұндай баптауларды таңдаған пайдаланушылар Сайттың барлық бөлімдеріне толық қол жеткізе алмайды дегенді білдіреді.
Әр браузер бірегей, сондықтан «cookie» файлдарымен жұмыс істеуді қалай баптау керектігін білу үшін браузеріңіздің «Көмек» функциясын қараңыз.
Егер сіз компьютеріңізді «cookie» файлдарын қабылдауға толық тыйым салатын етіп баптаған болсаңыз, сайттың қызметтерінің және/немесе функцияларының бірін пайдаланғыңыз келгенше Сайтқа жасырын түрде кіре аласыз.
Cookie файлдарын сайт иелері сайттардың жұмысын қамтамасыз ету немесе жұмыс тиімділігін арттыру және аналитикалық ақпарат алу үшін кеңінен пайдаланады.
Сайт пен қызмет жеткізушілер өздерінің интернет-ресурстарында әртүрлі cookie файлдарын пайдалана алады:
Қатаң қажетті cookie файлдары. Бұл cookie файлдары сайттың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет, олар Пайдаланушыларға сайтты шарлауға және оның мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл файлдар Пайдаланушыларды жеке тұлға ретінде сәйкестендірмейді. Егер Пайдаланушы осы файл түрін пайдалануға келіспесе, бұл Сайттың немесе оның компоненттерінің жұмысына әсер етуі мүмкін.
Өнімділікке, тиімділікке және аналитикаға қатысты cookie файлдары. Бұл файлдар Пайдаланушылардың Сайтпен қалай әрекеттесуін түсінуге көмектеседі, олар кірген аймақтар мен сайтта өткізген уақыт мөлшері туралы ақпарат береді, сонымен қатар бұл файлдар интернет-ресурстың жұмысындағы проблемаларды көрсетеді, мысалы, қателер туралы хабарламаларды. Бұл сайттың жұмысын жақсартуға көмектеседі. Аналитикаға қатысты cookie файлдары жарнамалық науқандардың тиімділігін өлшеуге және біздің жарнамаға қызығушылық танытқандар үшін сайт мазмұнын оңтайландыруға көмектеседі. Cookies файлдарының бұл түрін сізді сәйкестендіру үшін пайдалану мүмкін емес. Жиналған және талданған барлық ақпарат толығымен бейесімді.
Функциялық cookie файлдары. Бұл cookie файлдары Сайтқа оралған Пайдаланушыларды тану үшін қызмет етеді. Олар Пайдаланушылар үшін Сайттың мазмұнын жеке таңдап беруге мүмкіндік береді. Егер Пайдаланушы бұл файл түрін бұғаттаса, бұл веб-сайттың өнімділігі мен функционалдығына әсер етуі мүмкін және сайттағы контентке қол жеткізуді шектеуі мүмкін.
Жарнамалық cookie файлдары. Бұл файлдарға Интернеттегі пайдаланушы әрекеттері туралы мәліметтерді, соның ішінде сайттар мен беттерге кіруді, сондай-ақ Пайдаланушылар қарау үшін таңдаған сілтемелер мен жарнамалар туралы деректерді жазылады. Мақсаттардың бірі – веб-сайттарда Пайдаланушыға барынша бағытталған контентті көрсету. Тағы бір мақсат – жарнамалық немесе басқа ақпаратты Пайдаланушының қызығушылығына сәйкес дәлірек ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету.
4. Ақпаратты жинау және пайдалану
Cookie файлдары әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады, соның ішінде:
Өзіңізге және үшінші тұлғаларға Сайтқа Кірушілер туралы ақпарат алуды жеңілдету үшін. Сайтты жақсарту үшін Пайдаланушылардың беттерге кіруі туралы ақпаратты талдау үшін. Пайдаланушының мүдделерін ескере отырып, осы сайтта және басқа тұлғалардың сайттарында біз және үшінші тұлғалар жасаған жарнамаларды, хабарламалар мен мазмұнды ұсыну үшін.
Пайдаланушыға қажетті ақпаратты алуға көмектесу үшін.
Келушілердің санын және біздің сайтты қалай пайдаланатынын анықтау – сайттың тиімділігін арттыру және аудиторияның мүдделерін жақсы түсіну үшін.
5. Cookie файлдарын сақтау мерзімі
Кейбір cookie файлдары сайтқа кірген сәттен бастап браузерде осы нақты жұмыс сессиясының соңына дейін әрекет етеді. Браузер жабылған кезде бұл файлдар қажетсіз болып, автоматты түрде жойылады. Мұндай cookie файлдары «сеанстық» деп аталады. Кейбір cookie файлдары құрылғыда және барузердегі жұмыс сеанстары арасында сақталады – браузер жабылғаннан кейін жойылмайды. Мұндай cookie файлдары «тұрақты» деп аталады. Құрылғыдағы тұрақты cookie файлдарының сақтау мерзімі әртүрлі cookie файлдары үшін өзгешеленеді. Біз және басқа компаниялар тұрақты cookie файлдарын әртүрлі мақсаттарда пайдаланамыз: мысалы, біздің сайттарға қаншалықты жиі кіретініңізді немесе оларға қаншалықты жиі оралатыныңызды, Сайтты пайдалану сипаты уақыт өте келе қалай өзгеретінін және жарнаманың тиімділігін бағалау үшін.
Cookie файлдарын Сайт әкімшілігі Сіздің құрылғыңызға орналастыра алады. Бұл cookie файлдары «меншікті» деп аталады. Кейбір cookie файлдарын құрылғыда басқа операторлар орналастыра алады. Мұндай cookie файлдары «үшінші тарап» файлдары деп аталады.
Біз және үшінші тараптар cookie файлдарын Сіз сайтқа кірген кезде, контентпен қалай әрекеттесуіңізді білу үшін пайдалана аламыз. Cookie файлдары негізінде жеке пайдаланушыларды сәйкестендіруге қатысы жоқ жалпыланған және басқа ақпаратты жинау мен пайдалануға болады (мысалы, операциялық жүйе, браузер нұсқасы және осы бетке, соның ішінде электрондық хаттан немесе жарнамадан өту орындалған URL адресі туралы) – осының арқасында біз Сізге кеңірек мүмкіндіктер бере аламыз және сайттарға кіру бағдарларын талдай аламыз. Бұл технология осы сайттан тыс белгілі бір баннердегі сілтемеден, мәтіндік сілтемеден немесе ақпарат жіберуге енгізілген суреттерден өту арқылы белгілі бір бөлімге кірген пайдаланушылардың санын санауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол аналитикалық зерттеу мақсатында сайтты пайдалану туралы жалпыланған статистиканы жинау құралы ретінде қызмет етеді және сайттарымызды оңтайландыруға, төменде толық сипатталғандай Сіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес жарнамаларды ұсынуға көмектеседі.
6. Веб-трекинг пен cookie файлдарын пайдалану
Біз веб-сайтқа кіретін пайдаланушылар санын және кірудің жүйелілігін анықтау үшін бағдарламалық жасақтаманы қолданамыз. Біз жеке тұлғалардың жеке деректерін немесе IP адрестерін жинау үшін бағдарламаларды пайдаланбаймыз. Деректер статистикалық мақсаттарда, сондай-ақ веб-сайтты әзірлеу үшін жиынтық нысанда тек жасырын түрде пайдаланылады.
Біз сіздің интернеттегі әрекеттеріңіздің жеке профилін жасамаймыз. Тұрақты cookie файлдарының мазмұны сәйкестендіру нөмірімен шектеледі. Аты, электрондық пошта адресі, IP адресі және т.б. сақталмайды.
Ерекшелік бар: «Яндекс.Метрика» және «GoogleAnalytics» сookie файлдары.
«Яндекс.Метрика» және «GoogleAnalytics» сookie файлдары аз көлемде пайдаланылуы мүмкін. Бұл cookie файлдары пайдаланушыны тану үшін IP адресін пайдаланады, бірақ жеке сәйкестендіруді жүргізбейді. Басқаша айтқанда, ақпарат жасырын түрде жиналады. Cookie файлдары Пайдаланушылардың сайтты қалай пайдаланатыны туралы ақпаратты жинайды, содан кейін бұл мәліметтер есептер жасау үшін пайдаланылады және бізге Сайттың жұмысында көмектеседі. Яндекс құпиялылық саясаты (https://yandex.ru/legal/confidential/), Google құпиялылық саясаты (https://policies.google.com/privacy/).
7. Үшінші тұлғалардың сookie файлдары Енгізілген контенттегі үшінші тұлғалардың сookie файлдары
Назар аударыңыз: байқағаныңыздай, біздің веб-сайттардың кейбір беттеріне кірген кезде Сайтқа қатысы жоқ cookie файлдары жасалады. Мысалы, YouTube немесе Kinescope веб-сайттарынан енгізілген контенті бар бетке кірген кезде қызмет жеткізушілері сіздің браузеріңізде өз cookie файлдарын жасай алады. Сайт бұл cookie файлдарын пайдалануды бақыламайды және cookie файлдарының жұмыс істеу ерекшеліктеріне байланысты оларға қол жеткізе алмайды – оларды бастапқыда жасаған тарап қана оларға қол жеткізе алады. Осы cookie файлдары туралы қосымша ақпаратты үшінші тараптардың веб-сайттарынан іздеңіз.
Веб-шамшырақтар
Біз Яндекс.Метрика, GoogleAnalytics сияқты аналитикалық веб-қызметтерді пайдаланамыз, бұл адамдардың біздің веб-сайттарды қалай пайдаланатынын түсінуге және осылайша олардың релеванттығын, пайдалану ыңғайлылығын және ақпаратты толтырудың өзектілігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл қызметтер веб-шамшырақтар сияқты деректерді жинау технологияларын пайдаланады. Веб-шамшырақтар – cookie файлдарын орналастыратын, кірулер санын есептейтін және веб-сайтты пайдалану көрсеткіштері мен тиімділігін бағалайтын шағын электрондық кескіндер. Өз кезегінде, бұл мәліметтер біздің веб-сайттарға кірушілерді қандай ақпарат қызықтыратынын түсінуге және біздің веб-сайттардың жекешелендіріп толтырылуын ұсынуға көмектеседі. Веб-шамшырақтар жасырын, Сізді сәйкестендіретін ақпаратты қамтымайды немесе жинамайды.
Ақпарат жасырын болып табылады және тек статистикалық мақсаттарда қолданылады. Веб-аналитика деректері мен cookie файлдарын Сіздің жеке басыңызды анықтау үшін пайдалану мүмкін емес, өйткені олар ешқашан дербес деректерді, соның ішінде Сіздің атыңызды немесе электрондық пошта адресіңізді қамтымайды.
8. Cookie файлдарын басқару
Біздің Сайтты cookie файлдарысыз да пайдалануға болады. Сіз cookie файлдарын сақтауды өшіре аласыз, оларды белгілі бір веб-сайттармен құруды шектей аласыз немесе браузеріңізде cookie файлдарын жіберу туралы ескерту орната аласыз. Сондай-ақ, кез келген уақытта өзіңіздің ДК қатқыл дискісінен cookie файлдарын жоя аласыз (файл: «cookies"). Назар аударыңыз: бұл жағдайда беттерді көрсету және сайттарды пайдалану жөніндегі нұсқаулық шектеулі болады.
Көптеген браузерлер cookie файлдарының көпшілігін браузер баптаулары арқылы белгілі бір дәрежеде басқаруға мүмкіндік береді.
Біздің сайтқа кірушілердің барлығы веб-браузерлерді қолдана бермейді. Мысалы, кейбір пайдаланушылар веб-сайттарға немесе DHL қосымшаларына мобильді құрылғылардан кіре алады. Бұл жағдайда cookie файлдарын өшіру немесе веб-браузер баптауларын өзгерту мүмкін болмауы ықтимал.
Көптеген интернет-браузерлер бастапқыда cookie файлдарын автоматты түрде қабылдауға бапталған. Пайдаланушы браузер cookie файлдарын бұғаттайтын етіп немесе осы түрдегі файлдар құрылғыға жіберілген кезде ескертетін етіп баптауларды өзгерте алады. Cookie файлдарын басқарудың бірнеше тәсілі бар. Браузер баптауларын түзету немесе өзгерту туралы көбірек білу үшін браузердің нұсқаулығын қараңыз.
Егер сіз cookie файлын өшірсеңіз, бұл Пайдаланушының Интернеттегі жұмысына әсер етуі мүмкін. Егер Пайдаланушы сайтты қарау және оған кіру үшін әртүрлі құрылғыларды қолданса (мысалы, компьютер, смартфон, планшет және т.б.), ол әр құрылғыдағы әрбір браузер cookie файлдарымен жұмыс істеу қалауына сәйкес бапталғанына көз жеткізуі керек.